«Самат» бастауыш партия ұйымы марапатталды
«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының Төрағасы Б.Ә.Сағынтаев мырза 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың стратегиялық бағдарламаларын, партияның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда жоғары жауапкершілік көрсеткені үшін, сондай-ақ елімізде алғаш рет ұйымдастырылған Праймериздің өткізілуіне қосқан зор үлесі үшін Садықова Алия Сағындыққызы басқаратын №171 жалпы білім беретін мектептің «Самат» бастауыш партия ұйымын Алғыс хатпен марапаттады.
«Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз!» - деп дана халқымыз айтқандай, «Самат» бастауыш партия ұйымына барлық істерде және бастамаларда табыс тілеймін! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Марапаттарыңыз құтты болсын!