15
март
2021
14 наурыз – Көрісу күні
Он күндік мерекенің алғашқы мерекесі – Наурыз мерекесі. 14 наурыз – бұл күні халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып бір-бірімен амандасады. Үлкендер қос қолын беріп амандасып шығады. Бір-біріне "Бір жасыңмен","Бір жасқа есеюіңмен", осы жылға аман-есен жетуіңмен деп құшақтасып, жылы лебіздерін білдіреді. Осы мерекеге орай кітапхана қызметкерлері ауыл əкімшіліктерімен, мəдениет қызыметкерлерімен бірігіп «Амал келді – Жыл келді!» атты көрісу мейрамын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақты қазағымыздың салт-дәстүрлерінің бірі – Наурыз мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге қызмет көрсетуге, сыйластыққа баулу. Халқымыздың салт-дәстүрлерін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу.