«Мен ақылдымын» атты қашықтықтан ұйымдастырылған аудандық викторина өтті
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімі басшылығы мен №171 ЖББМ-тің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай балалардың белсенділігін көрсететін «Мен ақылдымын» атты қашықтықтан ұйымдастырылған аудандық викторина өтті. Мақсаты: Өз Отаныңның тарихына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, өз еліне деген мақтаныш, патриоттық сезімдерін арттыру.
Қазақстан туралы білімдерін бекітіп, танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін бұл байқау 8-сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы өтті.
Байқауға №14 ЖББМ, №82 ЖББМ, №91 ЖББМ, №114 ЖББМ, №151 ЖББМ, №154 ЖББМ, №156 ЖББМ, №160 ЖББМ, №166 ЖББМ, №171 ЖББМ, №184 ЖББМ, №196 ЖББМ қатысты.
Ақылы мен тапқырлықтарының арқасында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар:
I орын – Сайфулла Айгерім, №171 ЖББМ
II орын – Алимжан Фадэля, №160 ЖББМ
– Печенкин Роман, №91 ЖББМ
III орын – Мамедов Ариф, №151 ЖББМ
– Бережной Кирилл, №166 ЖББМ
– Нурсейтова Жамелия, №82 ЖББМ