«Qazaqi aelita» дебат клубының отырысы
13.11.2024ж.«Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында мектептің өзін-өзі басқару ұйымымен бірлесіп «Qazaqi aelita» дебат клубының отырысы болып өтті. Пікірсайыс турнирінің тақырыбы:”Мектеп формасын киюге көзқарасың қандай?” Формат: парламенттік пікірталас. Пікірсайыстың мақсаты:өз ұстанымын тұжырымдап, қорғауға, логикалық ойлауға, күрделі мәселелердің шешіміне қол жеткізуге, өзін қарсыластың орнына қоюға, кез келген жағдайды әртүрлі қырынан талдауға және идеялар бәсекесінде құндылықты көруге үйрену.