23
январь
2024
«Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді
6 «В»сынып жетекшісі Рахымбаева Бекзат Ескендировна «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Қыздың қандай болуы, керектігін бейнелі сөздер арқылы ерекше түсіндірді. Тәрбиелік сағатта үлгілі үйлердің қыздарын мысал ретінде алып, олардың жетістіктері мен мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып жатқандықтары туралы айтып өтті. Қыздар тәрбиесімен қоса біліммен ақылына да үлкен көңіл бөлу керек екені баяндалды. Қыздардың бойынан ақылдылық, білімділік, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және іскерлік қасиеттер табылуы керектігін айтып өтіп, өз сөзін аяқтады.