"Іс-әрекеттер әртүрлі, бірақ өмір сүруге көмектесетіні - адалдық"
3-сыныптар арасында "Іс-әрекеттер әртүрлі, бірақ өмір сүруге көмектесетіні - адалдық" тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз іс-әрекеттерін талдау қабілетін қалыптастыру. Міндеті: 1.Өз іс-әрекеттеріне баға беруді үйрету. 2.Іс-әрекеттің салдарын болжау және өз мінез-құлқын түзету қабілетін дамыту. 3.Ситуациялық мысалдар арқылы өзіне сырттан қарауға мүмкіндік беру. 4.Жақсылықтар мен жақсы істер жасауға деген ұмтылысты тәрбиелеу.