«Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді
04.05.2026 ж. мектепте 7–11 сынып оқушылары арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық дәстүрлерге құрмет қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, батылдық, ептілік және көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Байқауға 7–11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар байқаудың келесі кезеңдерінде өз қабілеттерін көрсетті: – визиттік карточка (өзін-өзі таныстыру); – шығармашылық номер (ән, би, көрініс); – спорттық сайыстар (ептілік, күш және жылдамдыққа).