Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
"2023-2024 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Сондай-ақ, жиналыста мектептің Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы таңдалды. Ата-аналармен мектепте және көшеде балалардың терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселесі бойынша әңгіме жүргізілді. Барлығы 73 адам қатысты. Олардың ішінде: Ата-аналар - 49, сынып жетекшілері – 20, мектеп әкімшілігі - 4.