Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Туған күніңмен, Алматым!" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті
22
сентябрь
2023
"Туған күніңмен, Алматым!" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті
№ 171 ЖББ мектебінде "Туған күніңмен, Алматым!" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар өздерінің сүйікті қаласына арнаған мәнерлі өлеңін оқыды.  Байқауға туған қаласы Алматыны сүйетін, оны өлеңмен құттықтағысы келетін 5-6  сынып оқушылары қатысты. Балалар жастығына қарамастан туған жері туралы шығармаларды нақышына келтіріп оқыды. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет! https://www.instagram.com/p/CxdLfCBI6Lu/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді
21
сентябрь
2023
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты: - оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру; - оқушыларда өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту. Алматы қаласының "EDUCATION CENTER" өкілдері 5-11 сынып оқушыларымен: оқыту нысандары туралы, "НИШ", "КТЛ", "КТК" даярлау туралы әңгімелесті.
Адал ұрпақ еріктілер клубының алғашқы отырысы өтті.
20
сентябрь
2023
Адал ұрпақ еріктілер клубының алғашқы отырысы өтті.
20.09.23ж. «Адал ұрпақ» еріктілер клубының 2023 – 2024 оқу жылына алғашқы отырысы өтті.   №171 жалпы білім беретін мектебінің 2023-2024  оқу жылына Адал ұрпақ  ерікті клубын құру туралы  бұйрық шығарылды. Модернация  бойынша Ұлттық коммиссия отырысында мақұлданған «100 нақты қадам- Ұлт жоспарының»  қадамдарын практикалық тұрғыдан іске  асыру жөніндегі  іс шаралар жоспарының 13-қадамының  9 тармағын орындау шеберінде рухани – адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контексінде «Сыбайлас
"Тілім менің тірегім" атты көрме ұйымдастырылды
20
сентябрь
2023
"Тілім менің тірегім" атты көрме ұйымдастырылды
22-қыркүйек Тілдер күніне орай "Тілім менің тірегім" атты көрме ұйымдастырылды, Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларына шолу. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
«Мен және менің қалам» атты фотокөрме өтті
19
сентябрь
2023
«Мен және менің қалам» атты фотокөрме өтті
Патриоттық сезім бастауыш сыныптардан қалыптаса бастайды. Баланы туған қаласының тарихымен, сәулетімен, мәдениетімен таныстыру. Осы мақсатта мектебімізде «Мен және менің қалам» атты фотокөрме өтті. 3-4 сынып оқушылары фотоматериалдармен қамтамасыз етуге белсене қатысып, көрмені безендіруге шығармашылық көзқарас танытты. «Мен және менің қалам!» фотокөрмесіне қатысушылардың барлығына алғысымызды білдіреміз.
Бейнеролик «Менің әсем қалам Алматым!»
19
сентябрь
2023
Бейнеролик «Менің әсем қалам Алматым!»
Мақсаты – қала тұрғындарының өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыруына жағдай жасау және азаматтық белсенділікті арттыру. https://www.facebook.com/100021895193280/posts/pfbid029ce5LwVvpy4NT357FoS53NJhabEYUJiE2Jdhi9og8gnNQxYWSUuQLXc5ASZRZmaDl/?mibextid=cr9u03 https://www.instagram.com/p/CxZf0uto4iy/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==