ХХІ ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі
ХХІ ғасыр — бұл ақпараттық қоғам дәуірі, сандық дәуірі болғандықтан адамзатқа цифрлық сауаттылық керек. Цифрлық сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады және ол оқу мен жазу сияқты негізгі дағдылардың біріне айналып келеді. Сондықтан балаларды цифрлық сауаттылыққа ертерек үйрету маңызды. Осы мақсатта мектебімізде балаларды жазғы лагерь қарсаңында ұстаздарымыз заманауи қызықты әдіс—тәсілдері қолдана отырып бүлдіршіндерге практикалық жұмыстар ұйымдастыруда.