Қалалық ескерту жүйесіне тексеру жүргізілді
17 қазан күні сағат 10:00-де Алматы қаласында жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтті. № 171 ЖББМ қалалық ескерту жүйесіне тексеру жүргізілді. Сейсмикалық дайындық хабар тарату арналарын автоматты түрде ұстап тұру, сирена мен дауыс параметрлерін қосу, сондай-ақ телефонға хабарлама жіберу арқылы ұйымдастырылады. Белгі алған соң мектеп оқушылары ғимараттан ашық алаңға көшірілді. Сейсмикалық дайындықтың негізгі мақсаты – төтенше жағдайларда іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру және қауіпсіз жерлерге