«Мен ақылдымын» атты қашықтықтан ұйымдастырылған аудандық викторина өтті » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2021

«Мен ақылдымын» атты қашықтықтан ұйымдастырылған аудандық викторина өтті

Алматы  қаласы Алатау ауданы білім бөлімі  басшылығы мен №171 ЖББМ-тің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының  Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай балалардың белсенділігін көрсететін «Мен ақылдымын» атты қашықтықтан ұйымдастырылған аудандық викторина өтті. Мақсаты: Өз Отаныңның тарихына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, өз еліне деген мақтаныш, патриоттық сезімдерін арттыру.

Қазақстан туралы білімдерін бекітіп, танымдық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін бұл байқау 8-сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы өтті.

Байқауға №14 ЖББМ, №82 ЖББМ, №91 ЖББМ, №114 ЖББМ, №151 ЖББМ, №154 ЖББМ, №156 ЖББМ, №160 ЖББМ, №166 ЖББМ, №171 ЖББМ, №184 ЖББМ, №196 ЖББМ қатысты.

Ақылы мен тапқырлықтарының арқасында жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар:

I орын – Сайфулла Айгерім, №171 ЖББМ

II орын – Алимжан Фадэля, №160 ЖББМ

          – Печенкин Роман, №91 ЖББМ

III орын – Мамедов Ариф, №151 ЖББМ

           – Бережной Кирилл, №166 ЖББМ

           – Нурсейтова Жамелия, №82 ЖББМ

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: