Онлайн форматта конференция өтті » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2021

Онлайн форматта конференция өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңестің бірінші орынбасары Рамазан Бекбол Батыржанұлымен кездесу конференция түрінде онлайн форматта өтті.
Бірінші сұрақ бойынша: «Самат» бастауыш партия ұйымы төрайымы Садыкова А.С. сөз сөйлеп, мектепішілік жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша «Саналы ұрпақ», «Адал ұрпақ» бағдарламалары аясында сынып сағаттар, сабақтан тыс мерекелік іс-шаралар, ата-ана жиналыстары өтіп тұратындығы туралы баяндады. Сонымен қатар мектеп қабырғаларында жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша мағлұматтар берілгенін және сенім телефондары көрсетілгенін еске салды.
Өз кезегінде Алия Сағындыққызы бүгінгі кездесудің қонағы, сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамдық кеңесінің орынбасары Рамазан Бекбол Батыржанұлына сөз берді.
Екінші сұрақ бойынша: Бекбол Батыржанұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Сонымен қатар кездесуде ұжым тарапынан сұрақтар қойылып, өз ойларымен бөлісті.
  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: