"Отбасылық тәрбие мектебі" қалалық диалог сағаты өтті » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2022

"Отбасылық тәрбие мектебі" қалалық диалог сағаты өтті

Алматы қаласы білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің әдіскері Роза Газизжановна Акмагамбетова білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына "Отбасылық тәрбие мектебі" қалалық мақсатты жобасы бойынша тікелей диалог сағатын өткізді.
Алматы қаласы Білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы 2021 жылдың 15 қазанында «Отбасылық тәрбие мектебі» Алматы мақсатты жобасын ұсынған болатын.
Жоба жұмысының бірінші бағыты – «Отбасылық дәстүрлер» айлығы номинациясы бойынша бейнеролик жасау және ұсыну (отбасылық мерекелердің ерекшеліктері, үйдегі мерекелер, оң отбасылық өмір салты ерекшеліктері және т.б.).
Жоба жұмысының екінші бағыты – баспа мақаласын дайындау.
Роза Газизжановна байқауға қатысушылар мақалаларын «Отбасылық тәрбие мектебі» Алматы мақсатты жобасының нәтижелері мен келешегі» баспа жинағына орналастыру үшін жіберетіндігі, онда ата-аналар дәрісханасының жұмысы және бейнероликтерге арналған материалдар, сондай-ақ отбасылық тәрбие мәселелері көрсетілетінін нақтылып айтып өтті.
Белсенділікпен атсалысуға және өзара тәжірибе алмасуға шақырды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: