Құрметті әріптестер,оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді Тәуелсіздіктің теңдесіз тартуы, ел тарихындағы ең басты мерекелердің бірі - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің сенімді іргетасы, әрбір қазақстандықтың құқығы мен еркіндігінің кепілі. Көк байрағымыз аспанымызда желбіреп, ынтымақтастық жолында өркен жайған мемлекетіміздің мәртебесі өсе берсін.

Бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналған Констиутция күні тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді көздің қарашағындай сақтауға шақыра отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, Отанымыздың дамуы мен гүлденуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!