Дөңгелек үстел «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2022

Дөңгелек үстел «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы»

16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, слайд.
Барысы: Әнұран орындалды.
- Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер! «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» атты ертеңгілігімізге қошкелдіңіздер! Биыл еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толып отыр.
Келесі сөз тарих пән мұғалімі Салтанат Кизатовнаға беріледі.
- Егемендігіміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі–Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ,ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
- Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десекте, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе біржылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек.
- Тәуелсіз ел болу дегеніміз өзіңнің өзгелермен тең екендігіңді сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеу.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: