Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз аруы» өткізілді » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
март
2024

Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз аруы» өткізілді

19 наурыз күні мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз аруы» өткізілді. 
Байқаудың мақсаты: қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлікке және парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған сұлулық қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Сайыста қыздар өздерін таныстырып, ой - өрісінің биіктігін танытуға ұмтылды. Артынша шығармашылық шеберліктерін сынатты. Әркімнің қабілеті әртүрлі. Таңдаған салалары да әр алуан. Десе де шама-шарқынша өз өнерлерін паш етті. Жарыста ой ұшқырлығы сыналып, білім деңгейлері тексерілді. Қыздарға қойылған сауалдарға жан-жақты, дәлірек айтқанда сауатты жауап беру талап етілді. Сәнқойлық сынаққа да өріс ашылды. Сыртқы сымбат сыналып, сахнадағы жүріс-тұрысқа да мән берілген. 
9-10-11 сыныптар аралығында «Наурыз Аруы» атты сайыс өтті.
Жеңімпаз атанғандар:
1 орын- 10 А сынып
2 орын- 9 Б сынып
3 орын- 9 В сынып, 9 Г сынып
19 марта в нашей школе прошел конкурс «Мисс Наурыз», посвященный празднику Наурыз.
Цель:активизация познавательных интересов у учащихся и содействие в интеллектуальной и творческой самореализации; воспитание казахстанского патриотизма и любви к Родине.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: