Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
май
2024

Суда қауіпсіздік ережелерін сақтау

16.05.24г.
Жаз айларында ыстық кезеңдерде күнге және ыстық құмға «пісу» салқын суға шомылу жанға сондай жайлы. «Су сенің досың және қасың» Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқйғаларды болдырмау ушін, төмендегілерді орындаған жөн: Осыған орай жаз мезгіліндегі суға шомылу қауіпсәздіктерін түсіндіру мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
  Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршағанға және қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
Қоршау белгілерінен, буилардан тыскары жүзбеңіз.
Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.
  Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда
шомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда жұқтыру қауіпі жоғары. 
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
Су иіріміне ілініп кету қауіпі.
Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет.
Суда ұзақ шомылу шаршап – шалдығуға әкеліп соғады.
Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: