6 сынып білім алушыларына "Абайлаңыз, қар көшкіні! жайлы онлайн ZOOM платформасы арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми - әдістемелік орталығы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен Алматы қаласы білім беру ұйымдарында 2024 - 2025 оқу жылына арналған "Өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында сабақ өтті.
Алматы қаласы,Алатау ауданы, Nº171 жалпы білім беретін мектепте, 09.12.2024ж 5-6 сынып білім алушыларына "Абайлаңыз, қар көшкіні! жайлы онлайн ZOOM платформасы арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді
Мақсаты: Төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану
жолдарымен, алгашқы көмек көрсету
шараларымен таныстыру.
Шара кезінде оқушыларға төтенше жағдайлар
және одан сақтану жолдары туралы
профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
Қатысқан оқушылардың, саны-205 