07
декабрь
2024
"Өнегелі өмір" тақырыбында өткен әжелер жиналысы
Даналық мектебі аясында мектебімізде "Өнегелі өмір" тақырыбында әжелер жиналысы өтті.
Мақсаты: Әжелердің өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үлгі етіп, өнегелі өмір салты мен ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-әжелердің тәрбиелік рөлін арттыру.
Даналық мектебі аясында өткен "Өнегелі өмір" тақырыбындағы әжелер жиналысы мектеп оқушы қыздары мен олардың ата-аналарына бағытталған іс-шара болды. Бұл жиналыста әжелер өмірлік тәжірибелері мен өнегелі қасиеттерін бөлісіп, жастарға ұлттық дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Іс-шара барысында әжелердің тәрбиелік рөлі мен қоғамдағы орны ерекше атап өтілді. Сабаққа 8 «Б» сынып оқушысы Космуратова Анельдің әжесі Карибаева Анар әже қатысты.