Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ата – аналар жиналысы өтті.
18
январь
2025

Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ата – аналар жиналысы өтті.

18.01.2025ж. №171 Жалпы білім беретін мектебінде ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының ұйымдастыруымен ата – аналар жиналысы өтті.  
1- 4 сынып оқушылары ата – аналарына «Отбасылық келісімнің кепілі сенімді қарым қатынас» тақырыбында 1 А сынып жетекшісі Кусаинова Жанылгуль Зекеновна жүргізді.
Мақсаты:
Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.
Отбасындағы келісімнің маңыздылығын түсіндіру.
Ата-аналарға тиімді қарым-қатынас тәсілдерін ұсыну.
5- 9  сынып оқушылары ата – аналарына  «Жасөспірімнің түсінік алу және қабылдау тәртібі» тақырыбында 9 А сынып жетекшісі  Оразбекова Шнар Абдукаримовна жүргізді. 
Мақсаты: 
Ата-аналарды жасөспірімдердің психологиялық және эмоционалдық ерекшеліктерімен таныстыру.
Балалардың ақпаратты қабылдау және түсіну қабілетіне әсер ететін факторларды талқылау.
Ата-аналарға жасөспірімдермен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету.
Отбасында қолайлы психологиялық климат құрудың маңыздылығын түсіндіру.
10- 11 сынып оқушылары ата – аналарына «Тұлғаның қалыптасуы: қауіпсіздікке құқық» тақырыбында 10А сынып жетекшісі – Аббасов Асиф Камилоглы өткізді. 
Мақсаты: 
1. Ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығымен таныстыру.
2. Тұлғаның қалыптасуы барысында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға ықпал ету.
3. Балалардың құқықтары мен міндеттері туралы ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру. 
18.01.2025г.  В КГУ ОШ  №171 состоялось родительское собрание, организованное Центром педагогической поддержки родителей.  
Среди 1-4 классов на тему «Отбасылық келісімнің кепілі сенімді қарым қатынас»  провела классный руководитель 1 «А»класса Кусаинова Жанылгуль 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: