03
февраль
2025
Ақпан айының апта дәйексөздері.
Ақпан айының апта дәйексөздері.
#біртұтас_тәрбие бағдарламасы аясында ақпан - жаңашылдық және жасампаздық айы.
Жаңашылдық пен жасампаздық - технология мен ғылымда ғана емес, өмірдің барлық саласында табысқа жетудің басты кілті.
Жаңашылдық пен жасампаздық - өзгерістерге бейімделу, тың шешімдер қабылдау, ескінің шеңберінен шығып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу. Жаңашыл адам стандартты ойлау шегінен асып, қиялды әрекетпен ұштастырады, идеяларды жүзеге асырады.
Демек:
Армандаудан қорықпаңыз!
Жаңалық ашуға ұмтылыңыз!
Ізденіңіз және әрекет етіңіз!
Кеше мүмкін емес болған нәрсе, бүгін шындыққа айналып, әлемді таңғалдыруы мүмкін!
Өзеріс өзіңнен басталады!