25
февраль
2025
"Ұлттық құндылықтар - ұлттың рухани байлығы!"
"Ұлттық құндылықтар - ұлттың рухани байлығы!" бағдарламасын жүзеге асыруда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Ұлттық құндылықтар - бұл әрбір халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мұрасы.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы ұрпақтан ұрпаққа ұласқан ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен дамытуға бағытталған. Ол жастарды тек білімді, мәдениетті ғана емес, сондай-ақ Отанын сүйетін, елін құрметтейтін, рухани бай тұлғалар ретінде тәрбиелеуге көмектеседі. Ұлттық құндылықтарды жастарға түсіндіру және оларды күнделікті өмірде ұстануға дағдыландыру арқылы біз еліміздің болашағын жарқын әрі тұрақты етуге ықпал етеміз.
