Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
март
2025

«Ана деген тіршіліктің тірегі»

Әрбір баланың жүрегінде ең қымбат адамдар бар – олар оның ата-анасы. Ана деген жай сөз емес, өмірінің алғашқы күнінен қамқорлыққа, махаббатқа бөлеген жан. 2025 жылдың 4 наурызында №171 ЖББМ-де «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты бірегей сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды.
Бұл шараның мақсаты – анаға деген алғыс пен сүйіспеншілікті білдіру, сонымен қатар, бала, ата-ана, ұстаз арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Оқушыларымыз қуаныш пен толқуға толы болды, өйткені әр баланың өмірінде болуы мүмкін ең маңызды және шынайы нәрсені - анаға деген махаббатын бөлісуге ынталы болды.
Мектеп директоры Маджара Венера Маратовна ата-аналарды,мектеп ұжымын 8-наурыз «Халықаралық Әйелдер күнімен» құттықтап,ізгі тілегін білдірді. Балалар сахнада өнер көрсетіп, шын жүректен аналарына көптеген тосын сыйлар дайындады. Балалар ән айтып, тақпақтар айтып, би билеп, аналарға деген махаббаттары мен алғыстарын білдірді. Олардың көздерінде нәзіктік жарқырап тұрды!
Бұл күнді ерекше ету үшін балалар аналарына арнап шығармашылық қолөнер бұйымдарын жасап, әдемі ашық хаттар мен кәдесыйлар жасады. Балалар анасына жақындап, мақтанышпен құшақтап, өз туындыларын сыйласа, аналар өз кезегінде балаларының шығармашылық серпініне сүйсініп, қолдау көрсетті.
Шаттық пен қуанышты қошемет , мұның бәрі біздің аяулы аналарымыздың құрметіне арналды. 
«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты іс-шарасы аналарға өз ризашылығын білдірудің тамаша тәсілі ғана емес, сонымен қатар мектеп пен ата – ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды оқиға болды. Бұл әрбір адамға отбасының, махаббат пен қолдаудың құндылығын, бақыт пен қуанышты сәттерде қасында болу қаншалықты маңызды екенін еске салды.
Махаббат, мейірімділік және құрмет мерекесі барлық қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас естеліктер қалдырды. Және, әрине, барлық балалар мақтанышпен өз аналарына : «Ана деген тіршіліктің тірегі» деп айта алады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: