26
май
2025
Балдәурен" жазғы лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
2025 жылдың 26 мамыр күні Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты №171жалпы білім беретін мектепте мектеп жанындағы "Балдәурен" жазғы лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Балалар үшін шаттық пен қуанышқа толы бұл күн лагерь өмірінің жарқын беттерінің біріне айналды.
Балалар көңілді ойындар ойнап, танымдық және шығармашылық бағыттағы түрлі шараларға белсене қатысты.
"Балдәурен" лагері алдағы жаз айларында балалардың бос уақытын тиімді өткізуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және достық қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған мазмұнды бағдарламалармен жалғасын табады.
