Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
сентябрь
2025

Ата - аналармен бейресми кездесу.

19.09.2025ж.Алматы қаласы, Алатау ауданы#171жалпы білім беретін мектебінде ата-анамен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында өткізілген директормен шай ұйымдастырылды.
 
 Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, өзара түсіністік пен сенімді арттыру мақсатында мектебімізде ерекше форматта кездесу өтті. Атап айтқанда, мектеп директоры ата-аналармен шәй үстінде ашық сұхбат жүргізді.
 
 Шара барысында ата-аналар балаларының оқу үдерісі, тәртібі, мектеп ішіндегі тәрбие жұмыстары, сондай-ақ білім беру сапасына қатысты өз ойларын ортаға салды. Мектеп директоры мен ұстаздар қауымы ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, олардың білім беру процесіне белсенді араласуының маңыздылығын атап өтті.
 
 Бұл кездесу бейресми жағдайда, жылы әрі достық көңіл-күйде өтті. Ата-аналар өздерін еркін сезініп, көкейінде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Осындай ашық сұхбаттар мектеп пен ата-ана арасындағы өзара сенімге негізделген тиімді серіктестікке жол ашады.
 
 В общеобразовательной школе №171 города Алматы, Алатауский район, была организована встреча с директором.
 Для усиления связи между школой и родителями, а также для повышения взаимопонимания и доверия, в нашей школе прошла встреча в особом формате. В частности, директор школы провёл открытую беседу с родителями за чашкой чая.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: