29
октябрь
2025
Педагогтарға арналған тренинг өткізілді тақырыбы: "ЖИ"
«№171 жалпы білім беретін мектепте» педагогтарға арналған тренинг өткізілді тақырыбы:
«Жасанды интеллект пен цифрлық құралдар мұғалімге сабаққа дайындалуда және оқытуды қызықты етуде қалай көмектеседі»
Тренингтің мақсаты:
педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, заманауи онлайн-құралдар мен жасанды интеллект сервистерін меңгеру арқылы оқу үдерісінің тиімділігін арттыру.
Тренинг барысында келесі мәселелер қарастырылды:
Сабаққа дайындықта жасанды интеллекттің мүмкіндіктері (конспектілер, тапсырмалар мен тесттер құрастыру).
Цифрлық платформалар мен интерактивті сервистерді пайдалану (Canva, Wordwall, LearningApps, ChatGPT және т.б.).
Жасанды интеллектті оқытуды дараландыру мен оқушыларды қолдауда қолдану.
Тәжірибелік бөлім: визуалды және интерактивті материалдар дайындауға арналған онлайн-құралдармен жұмыс жасау.
Тренингке қатысқан педагогтар жасанды интеллектті қолдану мұғалімге сабаққа дайындалу уақытын үнемдеуге, оқушылардың қызығушылығын арттыруға және оқу процесін заманауи әрі шығармашылық бағытта ұйымдастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.