Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
февраль
2026

«Алматы — таза қала» бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді

23.02.2026 жылы №171 жалпы білім беретін мектепте «Алматы — таза қала» бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары туралы мағлұмат беру арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ Алматы қаласының тазалығын сақтаудың маңызын түсіндіру.

Оқушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымымен танысып, олардың экожүйелер мен сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтаудағы маңызы туралы білді. Оқушылар Алматы қаласындағы экологиялық мәселелерді талқылауға белсенді қатысып, қаланың тазалығын сақтау және көгалдандыру бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.

Сынып сағаты оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

23.02.2026 в КГУ ОШ №171 проведён классный час по программе «Алматы — таза қала». Цель классного часа:
 Формировать у учащихся экологическую культуру и ответственное отношение к окружающей среде через знакомство с особо охраняемыми природными территориями Казахстана и осознание важности сохранения чистоты города Алматы. Учащиеся познакомились с понятием особо охраняемых природных территорий, узнали об их значении для сохранения экосистем и редких видов растений и животных. Ребята активно участвовали в обсуждении экологических проблем города Алматы и предложили идеи по сохранению чистоты и озеленению города. Классный час способствовал формированию экологической культуры и ответственности за окружающую среду.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: