Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
март
2026

«Қыз сыны – Көктем аруы» байқауы өткізілді

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, ұлттық дәстүрлерге құрмет сезімін қалыптастыру және өзін-өзі ұстау мәдениетін дамыту мақсатында 2026 жылғы 4 наурызда 7–8 сынып оқушылары арасында «Қыз сыны – Көктем аруы» байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.

Байқауға қатысқан қыздар өздерін таныстырып, шығармашылық өнерлерін және ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Іс-шара қатысушылардың жеке таланттарын ашуға, сахнада артистизм мен сенімділік танытуға, сондай-ақ ұлттық мәдениет бойынша білімдерін көрсетуге мүмкіндік берді.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: қатысушыларды таныстыру, шығармашылық номер көрсету, ұлттық киім үлгісін көрсету және қазылар алқасының бағалауы. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасын және мәдени мұраға деген қызығушылығын көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, бас жүлде «Көктем аруы» титулын тағайындады, сондай-ақ белсенді қатысушылардың барлығына номинациялар берілді.

С целью развития творческих способностей учащихся, воспитания эстетического вкуса, уважения к национальным традициям и формированию культуры поведения 4 марта 2026 года был организован и проведён конкурс «Қыз сыны – Көктем аруы» среди учениц 7–8 классов.

В конкурсе приняли участие девушки, которые представили себя, продемонстрировали творческие номера и национальные костюмы. Мероприятие позволило раскрыть индивидуальные таланты участниц, проявить артистизм, уверенность на сцене и знания национальной культуры.

Конкурс проходил в несколько этапов: представление участниц, творческий номер, демонстрация национального костюма и оценка жюри. Участницы проявили высокий уровень подготовки, творческий подход и интерес к культурному наследию.

По итогам конкурса жюри определило победительниц и присудило главный титул «Көктем аруы», а также вручили номинации всем активным участницам.

Гран-при — Мирзаева Ясмина, ученица 8 «Г» класса.
 Гран-при — Абеш Самал, ученица 7 «В» класса.

Номинация «Өнерлі ару» — Саянова Алия, ученица 7 «А» класса.
 Номинация «Өнерлі ару» — Амирханова Амира, ученица 7 «Б» класса.
 Номинация «Өнерлі ару» — Жарасбай Ару, ученица 8 «А» класса.
Номинация «Нәзік ару» — Мамурзаева Амелия, ученица 7 «Г» класса.
 Номинация «Нәзік ару» — Чалабова София, ученица 8 «Б» класса.
Номинация «Сымбатты ару» — Әліпбек Адина, ученица 8 «В» класса.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: