Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2026

Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен аталып өтті

№171 жалпы білім беретін мектебінде Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі ерекше сән-салтанатымен аталып өтті. Бұл игі шараға мектеп ұжымы түгелдей қатысып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мазмұнды мерекеге айналды.
 Мерекелік іс-шара барысында қазақ халқының бай мұрасы кеңінен насихатталып, оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, ұлттық өнерімізді жоғары деңгейде көрсете білді. Әсем ән айтылып, күмбірлеген күй орындалып, ұлттық билер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
 Сонымен қатар, сахна төрінде халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері кеңінен дәріптелді. Атап айтқанда, «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Шілдехана», «Тұсау кесер» сынды дәстүрлер көрініс ретінде қойылып, көрермендерге терең тағылым мен ерекше әсер сыйлады.
 
 Мерекелік шараның қадірлі қонағы ретінде Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Дина Бөкенқызы қатысып, жылы лебізін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: