Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында арасында эссе байқауы өткізілді
18
май
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында арасында эссе байқауы өткізілді

18.05.2026 жылы мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өткізілді.
 
 Байқаудың мақсаты – білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізе білуге баулу және азаматтық ұстанымдарын нығайту.
 
 Эссе байқауы сынып ерекшеліктеріне сәйкес бірнеше бағыт бойынша ұйымдастырылды:
 
 1–4 сынып оқушылары «Таза Қазақстан» тақырыбында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, туған жердің тазалығын сақтау туралы өз ойларын жазды. Оқушылар табиғатты қорғау – әр адамның міндеті екенін шығармалары арқылы жеткізіп, экологиялық мәдениеттің маңызын көрсетті.
 
 5–9 сынып оқушылары «Заң мен тәртіп» бағыты бойынша қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің рөлі, заңды құрметтеу, қоғамдық мәдениет туралы ой қозғады. Жасөспірімдер әділдік, тәртіп және құқықтық сауаттылық тақырыптарын кеңінен қамтып, өз көзқарастарын нақты мысалдармен жеткізе білді.
 
 10–11 сынып оқушылары «Адал азамат» тақырыбында адалдық, ар-ұждан, адамгершілік құндылықтары мен қоғам алдындағы жауапкершілік жайында мазмұнды эсселер жазды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: