1-4 сынып оқушылары арасында Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Қызықты бағдарлама ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 5-11 сынып оқушыларымен Жаңа жылдың жаңа жылдық қойылымы көрсетті. Оқушылар ән айтып, би биледі.
1-11 сынып оқушыларына «Қысқы демалыс кезеңіндегі оқушылардың қауіпсіздік техникасы« тақырыбында сұхбат өткізілді. Қысқы демалыс кезінде оқушылар өздерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын есте ұстауы керек.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай оқушылар арасында өткен Кекушинкай каратэ бойынша халықаралық турнирде №171 ЖББ мектептің 10-сынып оқушысы Биль Захар І орынды иеленгені үшін марапатталды.
«Ұлттық мектеп лигасы» аясында «АСЫҚ АТУ» спорт түрінен аудандық турнирде 5-6 сынып арасында жалпы командалық ІІІ орынға ие болған №171 ЖББМ марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың зерттеу жобалар конкурсының қалалық кезеңінде информатика секциясы бойынша ерекше жетістікке жеткені үшін №171 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Қанибекова Алуа марапатталды.
Алматы қаласы Алатау ауданы ЖББ пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпазы №171 ЖББ мектептің 5-сынып оқушысы Серікқұл Исламбек Асқарұлы II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Алматы қаласы Алатау ауданы ЖББ пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпазы №171 ЖББ мектептің 5-сынып оқушысы Уринбасар Тоғжан II дәрежелі дипломмен марапатталды.