"Кітапханаға саяхат"
1-сынып оқушылары кітапханаға саяхатқа келді. Кітапханашы оқушыларға кітапхана туралы, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мәлімет берді. "Кітаппен бірге өсеміз", "Ертегілер әлемі", " Балаларға базарлық" атты кітап көрмелерімен таныстырды. Оқушыларға қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар, ертегі кітаптар тізімін ұсынды.