«Тіл тазалығы» тақырыбында сынып сағаттары өтті
«Тіл – адамның адамдық қасиетінің ең құдіретті белгісі, қаруының түрі!» – дейді қазақ тілшісі, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын Ахмет Байтұрсынов. Сонымен, 5 қыркүйекте Қазақстанда Қазақстан Республикасының Тілдер күні атап өткізілді. Көпұлтты еліміз үшін бұл күннің мәні ерекше. Осы атаулы датаның көрнекті қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі – оның тұлғасына деген құрметтің шыңы.