Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Отан қорғаушылар күні. Жеңіс күні" тақырыбында сынып сағаты өтті
02
май
2023
«Отан қорғаушылар күні. Жеңіс күні" тақырыбында сынып сағаты өтті
1-11 сыныптар арасында «Отан қорғаушылар күні. Жеңіс күні" деген тақырыпта сынып сағаты өтті. Мақсаты мен міндеттері: оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық, ынтымақ, жауапкершілік сезімін ояту.  
«Біз бірміз – біз бір отбасымыз» бейнеролигі
28
апрель
2023
«Біз бірміз – біз бір отбасымыз» бейнеролигі
«Біз бірміз – біз бір отбасымыз» бейнеролигі еліміздің тарихы мен мемлекеттік мерекенің негізі болған оқиғаларға арналған. Біздің еліміз көпұлтты. Біз, қазақстандықтар, барлығы бір-бірін қолдап, қорғайтын үлкен отбасымыз. Бізде қоғамның бірлігі мен ынтымағын білдіретін мереке бар. 1 мамыр Халықтардың бірлігі күні – бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/3167778933366646/
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
28
апрель
2023
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан артық ұлт өкілдеріне ортақ Отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Әрі бұл күн, Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. Еліміздің барлық өңірлерінде дерлік 1 мамыр тойланады. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.  
Суреттер байқауы өткізілді
28
апрель
2023
Суреттер байқауы өткізілді
1-4 сыныптар арасында 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған суреттер байқауы өткізілді. Бұл байқаудың мақсаты - балаларды ел мен қоғам өміріндегі маңызды оқиғаларға баулу, адамгершілікке, руханиятқа, толеранттылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.  
«Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры» тақырыбында әңгіме
27
апрель
2023
«Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры» тақырыбында әңгіме
9-сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры» тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үйрету. Міндеті: -оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды тәрбиелеу, насихаттау және қалыптастыру;
"Әлем халықтарының билері" республикалық флешмобы
27
апрель
2023
"Әлем халықтарының билері" республикалық флешмобы
Іс-шараның мақсаты: әлем халықтарының дәстүрлі би өнерімен және олардың шығармашылығымен таныстыру, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау. Мектептер мен колледждердің парламент мүшелері әлемнің түрлі халықтарының билерін орындайды және әлеуметтік желілерде бейнероликтер жариялайды. https://www.facebook.com/100021895193280/videos/246707874541718/ https://www.instagram.com/reel/CrtdTVhIC7f/?igshid=YmMyMTA2M2Y=  
"АИТВ – ЖИТС алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізілді
25
апрель
2023
"АИТВ – ЖИТС алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізілді
5-11 сынып жетекшілерімен "АИТВ – ЖИТС алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізілді. Мақсаты: оқушыларда АИТВ/ЖИТС туралы түсінік қалыптастыру, СӨС насихаттау.
«Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні» сынып сағаты
25
апрель
2023
«Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні» сынып сағаты
«Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні» деген тақырыпта 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер туралы білімдерін кеңейту. Міндеттері: - балалар арасында достық қарым-қатынасты қалыптастыру;
Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
25
апрель
2023
Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Алматы қаласы Алатау ауданы білім бөлімі, аудандық прокуратура, аудандық ІІБ бірлесіп «Салауатты өмір салтын» орнықтыру мақсатында және нашақорлыққа қарсы күресу жолында мектебімізде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, зиянды заттарды қолданудың алдын алу, сонымен қатар буллинг тақырыбы да қамтылды.
"Өрт сөндіру автомобильдері және өрт сөндіру жабдықтары"
25
апрель
2023
"Өрт сөндіру автомобильдері және өрт сөндіру жабдықтары"
1-4 сыныптарда "Өрт сөндіру автомобильдері және өрт сөндіру жабдықтары" тақырыбында викторина өткізілді. Мақсаты:  өрт қауіпсіздігі туралы қарапайым білім мен дағдыларды қалыптастыру. Міндеттері:  - "Өрт қауіпсіздігі" ұғымын қалыптастыру. - Өрттің зияны туралы білімді бекіту.