№ 481 бұйрық » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2022

№ 481 бұйрық

"Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 29 қарашада № 30819 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

  1. "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

 

Оқу-ағарту министрі

А. Аймагамбетов

 

Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 29 қарашадағы
№ 481 бұйрығына
қосымша

 

Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 468 бұйрығымен
бекітілген

 Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы 1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы", "Босқындар туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың меншік түріне қарамастан мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді.
  2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың (босқындар, пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында көші-қон заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін еңбек мигранттары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтарға ие.

 2-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келгендердің мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібі

  1. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарын анықтау барысында облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) білім басқармаларына өтініш жасайды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:

      шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

      азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

      босқын - босқынның куәлігі;

      паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;

       қандас – қандас куәлігі.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжатты білім беру ұйымдарына ұсыну үшін қайтарады.

  1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқару органдары 3-тармақта көрсетілген тұлғалардан 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушыларға бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтап, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқуға қолма-қол жолдама береді.
  2. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар оқуға жолдама алғаннан кейін білім беру ұйымына қағаз тасымалдағыш түрінде келесі құжаттарды тапсырады:

       1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 3-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;

      2) шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:

      шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

      азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;

      босқын – босқын куәлігі;

      пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;

      қандас – қандас куәлігі.

       3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);

      4) орта білім беру ұйымында оқу үшін жолдама;

      5) баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi 2 дана;

      6) үлгерім табельдері немесе ағымдағы бағалардың анықтама-көшірмесі.

  1. Білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған тұлғалардың балаларын қабылдау кезінде, аталған балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен осы Қағидалардың 5-тармағында 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды талап етеді.

      Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері құжаттарды ұсынудан бас тартуы кезінде, білім беру ұйымдарының басшылары тез арада ішкі істер органдарын хабардар етеді.

  1. Білім беру ұйымдарының басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын Қазақстан Республикасының азаматтары балаларының саны аталған сыныпта балалардың тізімдік саны кемінде 85% болған кезде, баланың оқу ортасында сәтті әлеуметтенуіне, олардың білім туралы құжатына сәйкес шетелде алған білім деңгейіне қарай, тиісті сыныптар бойынша білім алушылар қатарына қабылдайды.

       Білім туралы құжаттары жоқ болған жағдайда қалалық (аудандық) білім бөлімі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына сәйкес комиссия құрады.

      Білім алушылардың қатарына тіркеу комиссиясының шешімі негізінде білім беру ұйымы басшысының шешімімен жүргізіледі.

  1. Білім беру ұйымдары үш күннен кешіктірмей басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын оқуға қабылдау туралы мәліметті Ұлттық білім беру дерекқорына орналастырады.
  2. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктер оқу мерзіміне байланысты білімі туралы тиісті құжаттарын алады (негізгі орта білім туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, білім алу деңгейін толық аяқтай алмаған жағдайда - оқу үлгерімі туралы табель немесе білім беру ұйымының мөрімен расталған пәндер бойынша бағалар жазылған сынып журналынан анықтама-үзінді).

 

Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің
және азаматтығы жоқ
тұлғалардың мектепалды,
бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім алу
қағидасына
1-қосымша

 

___________________________

 

қаланың/ ауданның білім бөлімі

 

___________________________

 

___________________________

 

қаланың білім басқармасы

 

___________________________

 

өтініш берушінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда)

 

____________________________

 

заңды тұлғаның

 

____________________________

 

тұрғылықты жері (заңды

 

тұлғаның тіркелген мекенжайы)

 

____________________________

 

үй, ұялы телефондар

 Өтініш

      Менің балам __________________________________________________

                                  (баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _______________________________________________________________

      (тіркелген мекенжайы бойынша елді мекеннің, ауданның, қаланың және

      облыстың   атауы)  оқуы үшін білім беру ұйымын анықтауды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _______________ "___" ________ 20__ жыл

      (қолы)

 

Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің
және азаматтығы жоқ
тұлғалардың мектепалды,
бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім алу
қағидасына
2-қосымша __________________________

 

__________________________

 

__________________________

 

(білім бөлмінің атауы)

 

____________________________

 

қала/ аудан

 

___________________________

 

немесе қалалық оқу бөлімі

 

__________________________

 Орта білім беру ұйымында оқу үшін жолдама

      Сіздің балаңызға оқуға ____________________________________________

                                                   (Білім беру ұйымының атауы) ұсынылады.

      Орындаушы _____________________________________________________

                                                      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Телефон ____________________________________________________________

      Алдым: _____________________________________________________________

      (ата-анасы немесе басқа заңды тұлғаның қолы /тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда)

      20_____ жылғы "_____" _________

 

Қазақстан Республикасында
тұрақты тұратын шетелдіктердің
және азаматтығы жоқ
тұлғалардың мектепалды,
бастауыш, негізгі орта және
жалпы орта білім алу
қағидасына
3-қосымша

 

Нысан

 

_______________________

 

білім беру ұйымының атауы

 

______________________

 

директордың тегі, ата, әкесінің

 

аты (болған жағдайда)

 

кімнен __________________

 

ата-ананың (заңды өкілдің)

 

тегі, ата, әкесінің аты (болған

 

жағдайда))

 

Телефоны: _________________

 Өтініш

      Менің балам _________________________________________

                                        (тегі, ата, әкесінің аты (болған жағдайда)

      ____________________________________________________

       (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)

      ____________________________________________________

      тіркелген мекенжайы бойынша

      ____________________________________________________

      (білім беру ұйымының толық атауы) қабылдауды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _______________ "___" ________ 20__ жыл  (қолы)




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: