14
апрель
2025
Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РУМС) Сараптамалық кеңесіне ұсынылатын құжаттар тізімі
Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РУМС) Сараптамалық кеңесіне ұсынылатын құжаттар тізімі
(29.12.2020 жылы бекітілген Сараптамалық кеңестің Ережесінің
6.1 және 6.2.2 бөлімдерінен)
- Педагогтің өтініші (1-қосымшаға сәйкес қолмен жазылады)
- Авторлық бағдарлама
- Әдістемелік құрал
- Педагогтің портфолиосы (электрондық нұсқада).
- Ұсынылған тақырып бойынша педагогтің басылымдарының тізімі мен көшірмелері (тізім кесте түрінде жазылады, соңына автордың қолтаңбасы қойылады, ол қолтаңба директормен расталып мөр басылады).
- Антиплагиат анықтамасы (10 күн қарайды).
- Пікірлер (3/1 қосымшаға сәйкес, 10 бөлімнен тұрады):
1) жұмыстың бағытына сәйкес ғылыми атағы бар маманнан 1 пікір;
2) әдістемелік кабинеттің сәйкесті маманынан 1 пікір;
3) Алматы қаласының педагог-шеберінен 1 пікір;
4) басқа өңірдің педагог-шебер немесе педагог-зерттеушісінен 1 пікір;
- Инновациялық педагогикалық тәжірибенің ақпараттық картасы (4/1 қосымшаға сәйкес әзірленеді. Автор және білім беру ұйымының әдістемелік бірлестік жетекшісі толтырып қолтаңбасын қояды, әдістемелік кабинеттің сәйкесті маманы тексеріп қолтаңбасын қояды, білім беру ұйымының басшысы қолтаңбаларды растайды, мөр басады).
- Кем дегенде 2 білім беру ұйымынан ұсынылған педагогикалық тәжірибенің ендірілгені туралы акт. Актке қоса, Білім басқармасымен келісілген және білім беру ұйымы басшысымен бекітілген 2-3 оқу жылының жұмыстық оқу жоспарының сканерленген көшірмесі болуы шарт. Олардың вариативті бөлігінде бағдарламаның аты тұруы қажет. Акт мазмұнында енгізілген авторлық бағдарламаның білім алушының білімі мен тәрбиесінің сапасына әсері туралы 2-3 оқу жылының мониторингі сипатталады.
- Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы дипломдарының және қосымшаларының (транскрипт) сканерленген көшірмелері (білім беру ұйымы басшысымен расталады).
- Кадрлық қызметтің жеке парағы (жұмыс орнымен расталады).
- Қалалық Сараптамалық кеңестің қорытындысы (әдістемелік кабинет (орталық) әзірлейді).
- Білім басқармасы басшысының (әдістемелік кабинет (орталық) директорының) ұсынымы (әдістемелік кабинет (орталық) әзірлейді).
Әрбір құжат жеке-жеке сканерленеді, жеке-жеке архивтеледі, соңынан бір папкаға архивтеліп «Алматы қаласы, №... мектеп, Автордың аты-жөні» деп атайды.
Құжаттарды бір папакаға жинақтау реті.
Паканың ішіндегі әрбір құжатқа төмендегі атау жазылады. Басқа сөздер жазылмайды.
- Өтініш
- Авторлық бағдарлама
- Әдістемелік құрал
- Портфолиосы
- Басылымдар
- Антиплагиат анықтамасы
- Пікірлер
- Ақпараттық карта
- Актілер
- Дипломдар
- Жеке іс парағы
- Сараптамалық қорытынды.
- Ұсыным