Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Уақыт - сый" тақырыбында ашық сабақ болды
25
сентябрь
2023
"Уақыт - сый" тақырыбында ашық сабақ болды
№171 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігінің декадасы барысында 7"Д" сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бокишева Ж.К. "Уақыт - сый" атты ашық сабағын өткізді.
Декаданың ашылу салтанаты өтті
22
сентябрь
2023
Декаданың ашылу салтанаты өтті
№171 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігі декадасының ашылу салтанаты өтті. Оқушылар өлең айтып, домбыра тартып, "Анамның тілі" әнін орындады. "Мен қазақ тілін сүйемін" атты стенд дайындалды.
"Туған күніңмен, Алматым!" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті
22
сентябрь
2023
"Туған күніңмен, Алматым!" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті
№ 171 ЖББ мектебінде "Туған күніңмен, Алматым!" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар өздерінің сүйікті қаласына арнаған мәнерлі өлеңін оқыды.  Байқауға туған қаласы Алматыны сүйетін, оны өлеңмен құттықтағысы келетін 5-6  сынып оқушылары қатысты. Балалар жастығына қарамастан туған жері туралы шығармаларды нақышына келтіріп оқыды. Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет! https://www.instagram.com/p/CxdLfCBI6Lu/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Бейнеролик «Менің әсем қалам Алматым!»
19
сентябрь
2023
Бейнеролик «Менің әсем қалам Алматым!»
Мақсаты – қала тұрғындарының өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыруына жағдай жасау және азаматтық белсенділікті арттыру. https://www.facebook.com/100021895193280/posts/pfbid029ce5LwVvpy4NT357FoS53NJhabEYUJiE2Jdhi9og8gnNQxYWSUuQLXc5ASZRZmaDl/?mibextid=cr9u03 https://www.instagram.com/p/CxZf0uto4iy/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
Сынып жетекшілері ата-аналар жиналысын өткізді
14
сентябрь
2023
Сынып жетекшілері ата-аналар жиналысын өткізді
1-11 сыныптардың сынып жетекшілері "2023-2024 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Сынып жетекшілері мектепте және көшеде балалардың терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселесі бойынша ата-аналармен әңгімелесті. Сондай-ақ, ата-аналар мектеп туралы"ақшалай қаражатқа тыйым салу туралы" бұйрықпен танысты.
Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
13
сентябрь
2023
Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өтті
"2023-2024 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Сондай-ақ, жиналыста мектептің Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамы таңдалды. Ата-аналармен мектепте және көшеде балалардың терроризмге қарсы қауіпсіздігі мәселесі бойынша әңгіме жүргізілді. Барлығы 73 адам қатысты. Олардың ішінде: Ата-аналар - 49, сынып жетекшілері – 20, мектеп әкімшілігі - 4.
Бүгін - Отбасы күні!
11
сентябрь
2023
Бүгін - Отбасы күні!
Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi. Яғни 11 қыркүйекке сәйкес келеді. https://www.instagram.com/p/CxDEtN7oDOv/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== https://www.facebook.com/100021895193280/videos/205072519070460/  
«Физикалық минут» челленджі өтті
08
сентябрь
2023
«Физикалық минут» челленджі өтті
№171 ЖББ мектепте «Физикалық минут» челленджі өтті. Челлендждің мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Челлендж мақсаттары: ✓ физикалық және психологиялық стрессті азайтуға көмектеседі; ✓ оқу іс-әрекеті кезінде шаршаудың алдын алуға және дене белсенділігін арттыруға көмектесу; ✓ балалардың денсаулығын сақтау мақсатында белсенділіктерін арттыруға үлес қосу.
Жалпықазақстандық ашық диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды
07
сентябрь
2023
Жалпықазақстандық ашық диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды
№171 ЖББ мектебінде жалпықазақстандық ашық диктант жазу жұмысы ұйымдастырылды. Жауапты іс-шараға бүкіл сыныптар белсенді қатысты.