"Адал, ар-ұжданмен өмір сүру" деген нені білдіреді?" сынып сағаты
4-сыныптар арасында "Адал, ар-ұжданмен өмір сүру" деген нені білдіреді?" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сабақтың мақсаты: оқушылардың адамгершілік қасиеттері туралы түсініктерін тереңдету. Міндеттері: "адамның ар-ожданы", "тектілік", "Ар-намыс" ұғымдарының мағынасын ашу; шығармашылық қабілеттерін, ар-ожданмен өмір сүруге деген ұмтылысын дамыту; адалдық, шындық сияқты қасиеттерді тәрбиелеу.