Профориентация » Страница 5 » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Өзін-өзі басқару» күні өтті
05
октябрь
2023
«Өзін-өзі басқару» күні өтті
Мақсаты: балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы мектеп оқушыларының әлеуметтік құзыретті тұлғасын дамытуға жағдай жасау. Өзін-өзі басқару күнінің міндеттері: 1) оқушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту; 2) оқушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін және оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту;
«International Educational Fair» халықаралық білім көрмесіне қатысты
04
октябрь
2023
«International Educational Fair» халықаралық білім көрмесіне қатысты
«Қазақстан» қонақ үйінде шет елдің  60-қа жуық үздік жоғары оқу орындарының қатысуымен «International Educational Fair» халықаралық білім көрмесі өтті. Осы жылы халықаралық көрмеге 60-тан астам университет пен 25-тен астам ел қатысты. Жастардың арасында бәсеке мықты болу үшін, білім жақсы дамуы керек. Білімді алуға мүмкіндік жасау үшін мектебіміздің 10-11 сынып оқушыларын көрмеге қатыстырдық.
«Еңбек адамды көркейтеді» тақырыбындағы сурет байқауы
25
сентябрь
2023
«Еңбек адамды көркейтеді» тақырыбындағы сурет байқауы
Еңбексүйгіштік, іскерлік пен жауапкершілік, үнемі білімге және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс – жарасымды тұлғаның осы қасиеттері «Адал Азамат» ұғымын бейнелейтін еңбек адамдарында айқын көрінеді. Сондықтан да өз саласының мамандары қоғамның назарында болуы керек, жастарымыз солардан үлгі алуы керек.
«Еңбек күні» аясында «Ұрпақтар кездесуі» атты дөңгелек үстел өткізілді
25
сентябрь
2023
«Еңбек күні» аясында «Ұрпақтар кездесуі» атты дөңгелек үстел өткізілді
Мамандық таңдау – күрделі де жауапты іс. Және бұл жерде әрбір жақын және кәсіби адамның пікірі маңызды. «Еңбек күнін» мерекелеу аясында «Ұрпақтар кездесуі» атты дөңгелек үстел өткізіліп, ұстаздар өздерінің кәсіби қызметі туралы айтып, болашақ ұстаздарға ақыл-кеңестерін айтып, мектеп өміріндегі оқиғаларды еске алды.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді
21
сентябрь
2023
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты: - оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру; - оқушыларда өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту. Алматы қаласының "EDUCATION CENTER" өкілдері 5-11 сынып оқушыларымен: оқыту нысандары туралы, "НИШ", "КТЛ", "КТК" даярлау туралы әңгімелесті.
Түрік университеттерінің көрмесіне қатысты
18
сентябрь
2023
Түрік университеттерінің көрмесіне қатысты
Ағылшын тілі мұғалімі Д. Н. Смагулова 11-сынып оқушыларымен Түркияның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ең үздік бағдарламаларын, тілдік бағдарламаларды, мәдени алмасу бағдарламаларын ұсынатын жетекші университеттері қатысатын түрік университеттерінің көрмесіне қатысты.   
11 сынып оқушылары форумға қатысып қайтты
15
сентябрь
2023
11 сынып оқушылары форумға қатысып қайтты
Мектебіміздің 11 сынып оқушылары Каспий университетінде өткізілген "EDTECN" халықаралық білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген форумға қатысып қайтты. Форумда білім алушылар үшін қажетті мәліметтер берілді.