«Алматы БАЛАFEST - 2023» фестивалі басталды
Фестиваль халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған. Оның аясында оқушылар арасында 7 бағыт бойынша байқау өтеді. Балалар бейнелеу өнерінде, робототехникада, спортта, әдебиетте және т.б. жарысады. Байқау 3 кезеңде өтеді: мектеп, аудан, қала. Оған 300 мыңнан астам бала қатысады.