Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТАМЫЗДЫҢ БІРІНДЕ АЯҚТАЛАДЫ
24
июль
2023
БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ТАМЫЗДЫҢ БІРІНДЕ АЯҚТАЛАДЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертеді. Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.  
«Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
17
июль
2023
«Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Құрметті педагогтер! ▫️«Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. -Қатысушыларды тіркеу және құжаттарды қабылдау сілтеме бойынша жүзеге асады: https://uzdikustaz-nobd.iac.kz/... -Конкурс туралы толығырақ ақпарат сілтемесі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V15H0010279#z136  
«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» жобасы бойынша көркем әдебиеттер тізімі жасалды
14
июль
2023
«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» жобасы бойынша көркем әдебиеттер тізімі жасалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрілігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды. Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағытын қамтитын 1770 шығарма енді. Оның 76%— отандық, 24%— әлем әдебиетінің таңдаулы еңбектері.  
Астана күні құтты болсын!
06
июль
2023
Астана күні құтты болсын!
Елорда – кең байтақ Отанымыздың жүрегі. Әрбір қазақстандық осы әсем қалаға келіп, оған ғашық болып, оның ғажайып көшелері мен алаңдарын тамашалайды. Астана бүгінде елорда, мегаполис және Қазақстанның жай символы ғана емес. Ол еліміздің қарқынды дамуының нағыз орталығына айналды. Астана әлемдегі ең танымал қалалардың бірі деп айтуға толық негіз  бар.  
Мұғалімдерге арналған IV республикалық пәндік олимпиадасы басталды
05
июль
2023
Мұғалімдерге арналған IV республикалық пәндік олимпиадасы басталды
Bilimnur.kz - білім беру орталығы, мұғалімдерге арналған IV республикалық пәндік олимпиадасы басталғанын жариялайды! Олимпиадаға қатысу - тегін Сертификат - тегін Диплом жарнасы - ақылы Сілтемесі: https://bilimnur.kz/olimpiada
Бүгін - Ұлттық домбыра күні!
04
июль
2023
Бүгін - Ұлттық домбыра күні!
Халқымыздың бойтұмарына айналған домбыраны әр қазақ төрге қойып, құрмет көрсеткен. Себебі ұлттық аспабымыздың қоңыр үнінде даламыздың кеңдігі, халқымыздың барлық болмыс-бітімі, еркіндігі мен арман-тілегі жатыр. Халқымыз қуанышы мен қайғысын жеткізген. Бүгінгі ұрпақ атадан мирас болып қалған мол мәдени мұраны қастерлеп, ұлттық құндылықтармен сусындап өскені өте маңызды. Мереке құтты болсын! Еліміздің мерейі тасып, абыройы асқақтай берсін!