«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» жобасы бойынша көркем әдебиеттер тізімі жасалды » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июль
2023

«БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ» жобасы бойынша көркем әдебиеттер тізімі жасалды

📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын.
📖Осыған байланысты Оқу-ағарту министрілігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды. Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағытын қамтитын 1770 шығарма енді. Оның 76%— отандық, 24%— әлем әдебиетінің таңдаулы еңбектері.
🖊️Отандық шығармалар қатарына Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Тахауи Ахтанов, Шерхан Мұртаза, Бердібек Соқпақбаев сында қаламгерлердің шығармалары енді. Ал әлем әдебиетінің тізімінде Эрнест Хеменгуэй, Джек Лондон, Рабиндранат Тагор, Александр Островский, Вальтер Скот, Михаил Лермонтовтың еңбектері бар.
Тізімді жасақтау үшін арнайы құрылған комиссия қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары, мектеп кітапханашылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін ескерді.
💬«Балалар кітапханасы» бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімін жасақтау үшін арнайы тәуелсіз қоғамдық комиссия құрамына ҚР ұлттық ғылыми академиясы, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғылыми қызметкерлері, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының мамандары кірді. Олар бірнеше кезең бойынша талқылаулар жүргізіп, барлық жанрлық бағыттарды қамтыды. Жасақталған тізімнің 40%-ы–көне классикалық әдебиет, 30% -ы «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет», 24%-ы әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерінен тұрады», — дейді Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана директоры Әлия Сайдембаева.
🎯 «Балалар кітапханасы» бағдарламасының басты мақсаты мектеп кітапханаларын маңызды балалар әдебиетімен қамтамасыз ету. Балалар әдебиеті тізімін қалыптастыру және ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту. Айта кетейік, қазіргі күні мектептердегі балалар әдеибетінің қоры 40 миллионға жуық. Электрондық мемлекеттік кітапхана қорының каталогына 150 жазушының еңбегі енгізілді.


📚 В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКАЯ БИБЛИОТЕКА» СОЗДАН СПИСОК ХУДОЖЕСТВЕННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
📌 На прошедшей в Туркестане национальной конференции Глава государства Касым-Жомарт Токаев распорядился о реализации новой программы под названием «Детская библиотека».
📖 В связи с этим в Республиканской научно-педагогической библиотеке Министерства образования подготовлен список книг, рекомендованных для программы «Детская библиотека». В него вошли 1770 произведений, охватывающих все эпохи и периоды истории казахской литературы, жанры. 76% из них отечественные, 24% избранные произведения мировой литературы.
- В список отечественных произведений включены произведения писателей Абая Кунанбаева, Ахмета Байтурсынова, Тахауи Ахтанова, Шерхана Муртазы, Бердибека Сокпакбаева. А в список мировой литературы входят произведения Эрнеста Хеменгуэя, Джека Лондона, Рабиндраната Тагора, Александра Островского, Вальтера Скотта, Михаила Лермонтова.
Для составления списка специально созданная комиссия учла результаты опроса, проведенного среди учителей казахского языка и литературы, школьных библиотекарей.
💬 Национальная академия наук Республики Казахстан, М. Институт литературы и искусства имени Ауэзова, Р. Включены научные сотрудники Института востоковедения имени Сулейменова, Национальной академической библиотеки Республики Казахстан, Республиканской научно-педагогической библиотеки Министерства образования Республики Казахстан, специалисты Национальной государственной книжной палаты Республики Казахстан. . Дискуссии проводились на нескольких сценах и охватили все жанры. 40 % составленного списка — это старая классическая литература, 30 % — «Литература периода независимости», 24 % — лучшие образцы мировой литературы, — говорит Алия Сайдембаева, директор Республиканской научно-педагогической библиотеки.

 
🎯 Основная цель программы «Детская библиотека» — обеспечение школьных библиотек важной детской литературой. Формирование списка детской литературы и пробуждение у поколения тяги к книгам. Следует отметить, что на сегодняшний день фонд детской литературы в школах составляет около 40 млн. Произведения 150 писателей вошли в каталог фонда электронной государственной библиотеки.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: