«Лагерьдің жабылуы»
Күннің тақырыбы: «Лагерьдің жабылуы» Іс-шараның күні: 2025 жылдың 9 маусымы Өтетін орны: КММ №171 жалпы білім беретін мектеп жанындағы мектепішілік лагерь аумағы Қатысушылар саны: 250 оқушы, 13 педагог Ұйымдастыруға жауапты: Ескалиева Ж.С. 9 маусым күні мектепішілік лагерімізде балалардың мазмұнды және қызықты демалысының жарқын қорытындысына айналған салтанатты жабылу рәсімі өтті. Мереке жылы әрі қуанышты атмосферада өтіп, әрбір қатысушыға жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.