«Таза сынып – таза қоғам» тақырыбында экологиялық минут өткізілді
№171 КММ ЖББ мектебінде «Таза сынып – таза қоғам» тақырыбында экологиялық минут өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу және оқу кабинетінде тазалықты сақтау. Іс-шара барысында оқушыларға сыныпта, мектепте және қоғамдық орындарда тазалық сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Адам өміріндегі экологияның рөлі, сондай-ақ әрбір адамның қоршаған ортаның жағдайына жеке жауапкершілігі туралы әңгіме жүргізілді. Оқушылар