08
май
2025
Тыл ардагерімен кездесу өткізілуі туралы
Тыл ардагерімен кездесу өткізілуі туралы
2025 жылдың 8 мамыр күні №171 жалпы білім беретін мектептің 9 "А" сынып оқушылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тыл ардагері Кошкарова Галина Александровнамен кездесу өткізді.
Галина Александровна Ұлы Отан соғысы кезінде Түмен облысы, Галышманово ауылындағы теміржол станциясында тұрған. Соғыс жылдары ол небәрі 11-15 жаста болған. Әкесі мен ағасы соғысқа аттанып, өзі анасы және сіңлілерімен бірге теміржолда жұмыс істеген. Олар майданға қажетті жүктерді тиеп, жаралыларды қабылдап, мүгедектерге арналған таяқша-костыльдерді жинаумен айналысқан. Ардагер «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған, тиісті куәлігі де бар.
Кездесу барысында оқушылар Галина Александровнаны Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, шын жүректен алғыс білдірді. Олар тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі мен Жеңіске қосқан үлесі жайлы маңызды мәліметтер алып, аға буынға деген құрмет пен ризашылықтарын білдірді. Кездесу жылы әрі әсерлі өтті. Шара соңында оқушылар ардагерге зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.
08 мая 2025 года учащиеся 9 "А" класса школы №171 посетили труженицу тыла — Кошкарову Галину Александровну, в рамках мероприятий, посвящённых 80-летию Великой Победы.В те тяжёлые годы ей было от 11 до 15 лет. Отец и брат ушли на фронт, а она вместе с матерью и сёстрами трудилась на железной дороге: помогала собирать вагоны с гуманитарными грузами, принимала раненых, собирала и чинила костыли. За добросовестный труд она награждена медалью "Ветеран труда" и имеет соответствующее удостоверение.Учащиеся поздравили Галину Александровну с 80-летием Победы, выразили искреннюю благодарность за её вклад в общее дело. В ходе встречи школьники узнали о самоотверженности тружеников тыла, об их незаменимой роли в достижении Победы. В завершение ребята пожелали Галине Александровне крепкого здоровья, благополучия и долгих лет жизни.