Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
февраль
2024

“Ерлік, батырлық, жауынгерлік” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

27.02.2024ж. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Ұрпаққа аманат» жобасының «Ұлттық мүдде» бағытын іске асыру шеңберінде, №171 ЖББМ кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 35-жылдығына арналған, “Ерлік, батырлық, жауынгерлік” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
 Жауынгер – интернационалистерді еске алу күні қарсаңында Ауғанстан соғысы және жергілікті әскери қақтығыстар ардагерлері мен мүгедектерінің Алатау аудандық «Намыс» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айдарбаев Алмасбек Рахымқұлұлы, төрағаның орынбасары Ханаев Әбубәкір Рахматуллаұлы және ұйым мүшелері Қанағатов Қалымханұлы «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері, Бердібеков Темірбек Ақтбекұлы шақырылды. Жиынға 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Алмасбек Рахымқұлұлы Ауғанстанда болғаны туралы, бұл елдің климаттық жағдайы біздікінен мүлде бөлек екендігі, жауға қалай оқ ату керектігі туралы әңгімеледі. Балалар, соғыс барысында  қандай қару-жарақтарды қолданғаны қатты қызығушылық танытты. Ардагерлер өздерінің қызметі туралы, жолдастарының батылдығы, қайсарлығы, қаһармандығы мен Отанға деген сүйіспеншілігі туралы өте қызықты және әсерлі әңгімеледі.  
Оқушыларды бәрі қызықтырды: ауғандық бейбіт тұрғындар азаматтық ауған жауынгерлеріне қалай қарады, олар біреуді өлтіруге мәжбүр болды ма, олардың жақындары сарбаздардың қайда екенін білді ме? Қонақтар өз сөзінде өздері, өмір жолы, соғыс қимылдарына қалай қатысқандары, қайта-қайта оқ жаудырғандары, күндіз де, түнде де пулемет алып жүруге тура келгендері туралы әңгімеледі. Біздің жолымыз болды, тек интернационалист-жауынгерлер ғана емес, нағыз батырлар мен патриоттар келді. Әңгімелесу барысында балалар   ардагерлеріміге жыл сайын  келіп тұруын өтінді. Шара барысында қызу диалог өрбіді, балалар сұрақтар қойып, жан-жақты жауаптар алды. 
Жиынға жиналғандар қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауған соғысы аяқталды, бірақ ол жерде жақындарынан айырылған аналар, әкелер, әйелдер мен балалар қалды. Қайтыс болған балалар соншалықты жас еді, олар махаббат пен өмірдің қуанышын армандады, есте сақтау үшін, орындалмаған үміттері үшін біз өмір сүреміз, әлемге қамқорлық жасаймыз, сүйеміз, үміттенеміз, есте сақтаймыз.  
Оқушылар үшін бұл ұмытылмас кездесу олардың жүректерінде өшпес із қалдырды.
  Директордың тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Сыздықбаева А.Қ., Нураханова С.Д. мәнді сөздері мен өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге белсене атсалысқан қонақтарға алғысын білдірді.
В рамках реализации направления «Ұлттық мүдде», проекта «Ұрпаққа аманат» Единой программы воспитания «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» 27 февраля, в КГУ ОШ №171 проведен круглый стол «Ерлік, батырлық, жауынгерік» «Мужество, героизм, воинственность», посвящённый 35-летию вывода советских войск с Афганистана.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: