“Кемел ойлы, зерделі жазушы” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды » Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 171 » Управления образования города Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№171 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Директор:
+7(727) 297-61-14
Бухгалтер:
+7(727) 299-96-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
октябрь
2022

“Кемел ойлы, зерделі жазушы” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды

Кітапхана меңгерушісі Аймбекова Б.Т. Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты, журналистика қолбасшысы Ш.Мұртазаның 90 жылдығына орай “Кемел ойлы, зерделі жазушы” тақырыбында 9, 10, 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Аталмыш шараны 9”В” сынып оқушысы Султангазиева Милана ашты. 11-сынып оқушысы Қуанышбек Заңғар жазушының өмірбаяны мен шығармаларына тоқталып өтті. Оқушылар, жазушының «Ай мен Айша», «Сол бір күз», «Ақсай мен Көксай», «Бойтұмар», «Айырбас», «Жүз жылдық жара», «Интернат наны», «Қасқырдың тарамысы» т.б. туындыларын талқылады. Сонымен қатар кітапхана меңгерушісі Айымбекова Б.Т. оқушыларды жазушыға арналған кітап көрмесімен таныстырып өтті. Көрмеде жазушының шығармаларымен қатар, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді басылымдар қойылды. «Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде – Ұлт та ұлы бола алмайды» - деп ұлы Ғабит Мүсірепов айтқандай, әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды. Осы тұрғыдан алғанда Шерхан Мұртаза саналы ғұмырын қазақ әдебиеті мен руханиятының дамуына арнап, оған өлшеусіз үлес қоса білген дара дарын.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: