Аудандық викторина «Тәуелсіз Қазақстан беттерімен»
Алматы қаласы, Алатау ауданы білім бөлімі басшылығы мен №171 ЖББМ-тің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай балалардың белсендігін көрсететін «Тәуелсіз Қазақстан беттерімен» атты қашықтықтан ұйымдастырылған аудандық викторина өтті.
Мақсаты: Өз Отанының тарихына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу, өз еліне деген мақтаныш, патриоттық сезім, ойынға қатысушылардың коммуникативті және танымдық қабілеттерін дамыту, Қазақстан туралы білімдерін бекіту.
9-сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы өткен байқауға 11 мектеп қатысты: №14 ЖББМ, №82 ЖББМ, №91 ЖББМ, №114 ЖББМ, №151 ЖББМ, №154 ЖББМ, №156 ЖББМ, №160 ЖББМ, №171 ЖББМ, №184 ЖББМ, №196 ЖББМ.
Ақылдылықтары мен тапқырлықтарының арқасында жүлделі орындарға ие болғандар:
I орын
№160 ЖББМ – Таган Аяжан (9 «Г» сынып)
II орын
№171 ЖББМ – Мусаева Медина (9 «А» сынып)
III орын
№114 ЖББМ – Байтекова Аяулым (9 «Б» сынып)
№196 ЖББМ – Карова Рамиля (9 «Б» сынып)









