16
март
2022
Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды
Бүгін Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын ұсынды. Мемлекет басшысы Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтты. Ауқымы мен мазмұны кең Жолдаудағы айтылған мәселелерді халықпен бірге шешіп, Жаңа Қазақстанды құруымыздың қажеттілігі айтылды.
«Бүгінгі жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырамыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік»- деді ҚР Президенті Қ.Тоқаев.








